Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2721268
Есепші бөлімі:
+7(727) 2721268
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Гимназия оқушыларын «Адал ұрпақ» еріктілер клубына қабылдау
10
қазан
2020

Гимназия оқушыларын «Адал ұрпақ» еріктілер клубына қабылдау

Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия.

Гимназия оқушыларын «Адал ұрпақ» еріктілер клубына қабылдау туралы

Пресс релиз

 

          10.10.2020 ж. күні Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназияда оқушыларды «Адал ұрпақ» еріктілер клубына қабылдау жиыны өтті. Жиынға Республикалық «Саналы ұрпақ» жобасының кеңсесінің жетекшісі Токушев Қайыржан Ахметбекұлы қатысты. Жиында гимназия директоры Ақсерікова Ақмарал Мағжанқызы гимназиядағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы уақыттағы жұмыстар туралы айтып өтті. 

Республикалық «Саналы ұрпақ» жобасының кеңсесінің жетекшісі Токушев Қайыржан Ахметбекұлы оқушыларға    білім саласының барлық мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылды нәтижелі ету мақсатында, осыған  қарсы жұмысты жұмылдыруға бағытталған тәрбиелік іс-шараларды жүзеге асыру керектігіне тоқталды және  республика көлемінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүзеге асырылатын бағдарламалар мен нақты деректерді түсіндіріп, алдағы жұмыстарға  ұсыныстар жасады.  

Сонымен қатар гимназияның 9 сынып оқушылары  ант қабылдап, «Адал ұрпақ» еріктілер клубына қатарына қосылды.


Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияның 

директорының тәрбие ісі жөніндегі 

орынбасары С.К. Серкешпаев

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: