Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 248-41-92
Оқу бөлімі:
+7(727) 248-36-61
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Абыройлы ұстаз " "Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға " атты қалалық конкурсы өтті.
09
қаңтар
2023
"Абыройлы ұстаз " "Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға " атты
Алматы қаласы Білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласы білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері арасында "Абыройлы ұстаз " "Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға " атты қалалық конкурсы өтті. Осы конкурста 1-орын жеңімпазы атанған гимназиямыздың бастауыш сынып мұғалімі Куранбекова Гульназ Бейсбаевнаны құттықтаймыз.
"Адал ұстаз"
27
желтоқсан
2022
"Адал ұстаз"
Алматы қаласы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында өткен "Адал ұстаз" қалалық конкурсының III дәрежелі дипломымен Б.Атыханұлы атындағы №36гимназия география пәнінің мұғалімі Жарасова Әсел Оңдасынқызы марапатталды.
Жасөспірімдер арасында " Суицид,  жыныстық тиіспеушілік, Колумбайн"
27
желтоқсан
2022
Жасөспірімдер арасында " Суицид, жыныстық тиіспеушілік, Колумбайн"
Кәмелетке толмаған "Жасөспірімдер арасында Суицид, Жыныстық тиіспеушілік, Колумбайн"  тақырыбында  27.12.2022ж. 8-11 сынып оқушылары арасында Алмалы ауданы ПБ ЖПҚ ЮПБ қызметкері полиция майоры    Бисенова  З.Н қатысуымен  профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
"Жас Ақындар шығармашылығы"
23
желтоқсан
2022
"Жас Ақындар шығармашылығы"
Астана қаласында өткен Республикалық жас Патриоттар форумында "Жас Ақындар шығармашылығы" бағыты бойынша Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназияның "Асыл мұра" үйірмесінің мүшесі 7 "А" сынып оқушысы Абдразаков Аңсар Ерболатұлы "Жылдың жас патриоты" атанды. Жетекшісі ҚР еңбек сіңірген қайраткері Г.Есетқызы
"Әліппеге мың алғыс!"
21
желтоқсан
2022
"Әліппеге мың алғыс!"
Бар кітапқа бас болған Әліппе ғылым анасы Әліппеден басталған Даналықтың данасы Б.Атыханұлы атындағы N36 гимназияның 1 "В" сыныбында " Әліппеге мың алғыс!" атты әліппемен қоштасу ертеңгілігі өтті. Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі басқаруға үйрету. 1 "В" сынып оқушылары өлеңдерді мәнерлеп оқып, ән айтып, би биледі. Өз білімдерін ортаға салып, алғырлықтарын көрсетті. Кішкентай бүлдіршіндердің білім өлкесіне қарай
"Қош бол, құтты- Әліппем"
21
желтоқсан
2022
"Қош бол, құтты- Әліппем"
Қош бол, құтты- Әліппем! 1 "Б" сынып оқушылары өлеңдерді мәнерлеп оқып, ән айтып, би биледі. Өз білімдерін ортаға салып, алғырлықтарын көрсетті. Оқушылардың білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! Сынып жетекшісі Жапарова И.Т
«Квест ойыны»
20
желтоқсан
2022
«Квест ойыны»
9 сыныптар арасында «Квест ойыны» ұйымдастырылды.  Ұйымдастырушылар: Физика пәні мұғалімі: Бейбітбекова Айдана Маратқызы және практиканттар Беспай Жазира, Бақытова Айдана.  Ойынға 9 «А», «Ә», «Б» және «В» сыныптары қатысты. 9 «А»,9 «Б» және 9«В» сыныптары Алғыс хат иеленіп, 9«Ә» сынып оқушылары 1-орынмен марапатталды.
«Әліппенің арғы  жағы  - білім бағы»
20
желтоқсан
2022
«Әліппенің арғы жағы - білім бағы»
1 «Ә» сынып оқушыларының «Әліппенің арғы  жағы  - білім бағы» атты ертеңгілігі өтті. «Әліппе» - әлемдегі бар ғылымның тұнық бастауы.  Дүниенің тылсым құпиясын білуге деген бала құштарлығын оятуға ең алдымен «Әліппені» қалай меңгергені әсер етеді. Әліппеге «Мың Алғыс» атты тақпақтарын айтып, ертегі қойылымы арқылы оқушылар өздерінің қабілеттерін аша түсті.  Ертеңгілік соңында гимназия директоры А.Мағжанқызы оқушылар мен ата – аналарға құттықтау сөз айтып алғысын білдірді.
"Әліппе, саған мың алғыс!"
20
желтоқсан
2022
"Әліппе, саған мың алғыс!"
1 "А" сыныбында "Әліппе, саған мың алғыс!" атты ертеңгілік өтті.  Мақсаты: Алған білімдерін жинақтап қорытындылау. Тілдік жүйелерін, сөздік қорларын дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.