Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 248-41-92
Оқу бөлімі:
+7(727) 248-36-61
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бастауышым-Балбұлағым!
18
мамыр
2023
Бастауышым-Балбұлағым!
Б.Атыханұлы атындағы №36гимназияда  Бастауышым-Балбұлағым! тақырыбында 4А сынып  оқушылары  бастауышпен қоштасу  ертеңгілігін өткізді  Мақсаты:  Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта                     алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.                      Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы                    ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін                    ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта
"Алтын сақа"
15
мамыр
2023
"Алтын сақа"
Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияның 5 "Ә" сынып оқушысы Есбол Аружан математика пәнінен "Алтын сақа" Республикалық олипиадасынан 2- орын иеленді марапаттау онлаин форматында ютуб тікелей эфирде өткізілді. Ақылды Аружан оқушымыздың жетістігі құтты болсын! Жетекшісі математика пәнінің мұғалімі Исабаева А.Н
"Судағы қауіпсіздік"
12
мамыр
2023
"Судағы қауіпсіздік"
Алмалы ауданы Төтенше жағдайлар департаментінің "Судағы қауіпсіздік" акциясына орай 1-11 сыныптарда ашық сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Суға түсу кезіндегі қауіпті жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздік ережелерін сақтау. #Төтеншежағдайлардепартаменті
«ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР»
12
мамыр
2023
«ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР»
«ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР»  ұлттық мәдени-ағартушылық жобаны іске асыру барысында Б.Атыханұлы атындағы гимназияда бөлме гүлдерін жаңарту жұмыстары жүргізілді. Гүл отырғызуға гимназия оқушылары белсене атсалысты.
Суда шомылу қауіпсіздігі
12
мамыр
2023
Суда шомылу қауіпсіздігі
Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияда  11.05.2023 ж. күні  оқушыларға суда шомылу кезіндегі қауіпсіздік туралы тәрбие сағаттары өткізілді. Оқушыларға видеофильм көрсетілді. Жаз айларында ыстық кезеңдерде күнге және ыстық құмға «пісу» салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. «Су сенің досың және қасың» Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауынан орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау ушін,
"Алматыдағы заманауи білім күндері"
11
мамыр
2023
"Алматыдағы заманауи білім күндері"
2023 жыл 20 мамырда 9-сынып бітірушілері "Алматыдағы заманауи білім күндері"атты қалалық фестивальге қатысып,көптеген қызықты әрі пайдалы ақпараттар алды.
Әскери шеру
05
мамыр
2023
Әскери шеру
Б. Атыханұлы атындағы гимназияда Ұлы Отан соғысына қатысқан гимназия түлектеріне арналған ескерткішке гүл қойылып, 10 сынып оқушылары әскери саптық дайындығын көрсетті. Гимназия директоры А.М Аксерікова  гимназия ұжымын мерекемен құттықтады. Бұл іс- шараның өскелең ұрпағымыздың бойына жігерлік, қайсарлық және Отан сүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруда маңызы зор.
Бөлтірік Атыханұлының ұрпақтарға өсиет атты поэзия кеші
28
сәуір
2023
Бөлтірік Атыханұлының ұрпақтарға өсиет атты поэзия кеші
Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияда Бөлтірік Атыханұлының ұрпақтарға өсиет атты поэзия кеші өтті. Кешке Б.Атыханұлының немересі Бақытгүл Қасенбайқызы Бөлтірікова қатысып, оқушыларға атасының ұлағатты сөздерін айтып, өнер жолыменен таныстырды. Б.Атыханұлы атындағы гимназияның бастауыш сыныптың отызға жуық оқушылары қатысып, өлеңдерін оқыды. Гимназия директоры Ақсерікова Ақмарал Мағжанқызы өлең оқыған оқушыларды алғыс хатпен марапаттады. Кеш есте қаларлықтай, жақсы өтті.
“Сағыныш” поэзия кеші
28
сәуір
2023
“Сағыныш” поэзия кеші
Б. Атыханұлы атындағы 36 гимназияда 24.04 күні Т. Айбергеновтың “Сағыныш” атты поэзия кеші өтті. Кеш барысында ақынның танымал өлеңдері мәнерлеп оқылып, әндері шырқалды. Аз ғұмырында сәуледей жарқ ете қалған Т. Айбергеновке деген сағыныш сезім басылар емес. Сағыныштан жаралған ақынды ұрпағы мәңгі сағынады.
«Қазақстан-достықтың киелі мекені»
26
сәуір
2023
«Қазақстан-достықтың киелі мекені»
Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназияда 1-мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Қазақстан-достықтың киелі мекені» атты фестиваль 6-7 сынып оқушыларының қатысуымен жоғарғы деңгейде өтті.  Фестиваль ұйымдастыру оқушылардың елімізде мекендейтін әр түрлі ұлт өкілдерінің салт-дәстүрімен, танымдық, рухани көзқарастарына, ділі мен тіліне құрметпен қарап, ұлттар достастығының маңызын сезіндіру.  Ел бірлігі-асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, татулық, парасаттылықпен сияқты құнды қасиеттеріміз арқылы