"Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты"
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының онкүндік аясында 17.10.2023 ж. 7 ә сыныбына Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ өткізілді. Тақырыбы:"Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты" Сабақтың мақсаты:Абылай хан туралы деректерді сипаттап, хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайын түсіндіру, мемлекеттегі нығайтудағы рөлін деректер негізінде анықтау. Сабақ барысында жекелей «Ақиқат-жалған», жұптық «Сырлас-бөліс» және топтық «Галерея» белсенді оқыту әдістері қолданылды.