29
қазан
2021
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы
Бүгін Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында «Жырлаймын сені, Қазақстаным!» атты мектеп оқушыларының аудандық патриоттық әндер байқауы өтті. Байқауға 16 оқушы өтініш білдірді. Байқаудың шарты бойынша қатысушылар бір патриоттық әнді тірі дауыста орындады. Байқау соңында қазылар алқасының шешімі бойынша қатысушыларға дипломдар тапсырылды.