Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2721268
Есепші бөлімі:
+7(727) 2721268
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Nur Otan» партиясы Алмалы аудандық филиалының кезектен тыс XXVII конференциясы
14
шілде
2021

«Nur Otan» партиясы Алмалы аудандық филиалының кезектен тыс XXVII конференциясы

Бүгін онлайн форматта, ZOOM платформасында «Nur Otan» партиясы Алмалы аудандық филиалының кезектен тыс XXVII конференциясы өтті.
Конференцияға 70 делегат қатысты.
Күн тәртібі бойынша келесі мәселелер қаралды:
1.    «Nur Otan» партиясы Алмалы аудандық филиалының төрағасын сайлау;2.    «Nur Otan» партиясы Алмалы аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгертулер енгізу туралы.Күн тәртібінің бірінші сұрағы бойынша, Алмалы ауданының бұрынғы әкімі Құсаинов Серік Досымханұлы жұмыс орнын ауыстыруына байланысты, Алмалы ауданының әкімі ретінде Сейтенов Ержан Іргебайұлы тағайындалған болатын. Сәйкесінше, «Nur Otan» партиясы Алмалы аудандық филиалының төрағасы болып бірауыздан Алмалы ауданының әкімі Е.Сейтенов сайланды.
Күн тәртібіндегі келесі мәселесі партияның аудандық филиалының Саяси Кеңесінің мүшелеріне өзгеріс енгізу сұрағы қаралды. Ағымдағы жылдың сәуір айында Аудандық есеп беру-сайлау конференциясында Саяси кеңес құрамы жаңартылып, 21 адам енгізілген болатын. Қазіргі жағдайда, жұмысымыздың нәтижелі болуы мақсатында Саяси кеңес құрамын 25 адамға көбейту туралы ұсыныс түскен болатын.
Конференция соңында «Nur Otan» партиясы Алмалы аудандық филиалының төрағасы, Алмалы ауданының әкімі Саяси Кеңес мүшелеріне және бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына алға қойылған жоспарлармен таныстырып, біршама тапсырмалар берді. 

@nur_otan_almaty
@meirzhan_otynshiyev

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: