Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2721268
Есепші бөлімі:
+7(727) 2721268
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты"
19
қазан
2023

"Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты"

Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының онкүндік аясында 17.10.2023 ж. 7 ә сыныбына Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ өткізілді.
Тақырыбы:"Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты" 
Сабақтың мақсаты:Абылай хан туралы деректерді сипаттап, хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайын түсіндіру, мемлекеттегі нығайтудағы рөлін деректер негізінде анықтау.
Сабақ барысында жекелей «Ақиқат-жалған», жұптық «Сырлас-бөліс» және топтық «Галерея» белсенді оқыту әдістері қолданылды. Сабақтың мұғалім үй тапсырмасын viev.genial.ly программасы арқылы сұрап, сыныпқа бастапқы ынталандырушы материал ұсынып, Абылай ханның бейнесі көрсетіліп, тұлғаны тануға бағытталған сұрақтар қойылды. Оқушылар бірлесе отырып сабақтың тақырыбын болжамдап анықтады. Мұғалім оқушыларды түстер арқылы 4 топқа(1Хандар, 2 Билер, 3. Сұлтандар, 4. Батырлар) бөліп ұйымдастырды. Сабаққа оқушылар өте белсенді қатысты. Сабақ өте керемет өтті! 
Сабақтың соңында  рефлексия «jamboard» тақта арқылы аяқталмаған сөйлем әдісі қолданылды.
Мұғалім сабақты қорытындылап үй тапсырмасын беріп, оқушыларға ризашылығын білдіріп тәттілермен қуантты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: