Қарттарым, аман-сау жүрші
Қарттарым, аман-сау жүрші
Үлкенге- құрмет, кішіге - ізеттілік қалыптастыруда, қарттарды сыйлауға, өнегелі тәрбиесін ұға білуге арналған мерекені ерекше атап өту,
Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияда дәстүрге айналған. Мереке қарсаңында гимназияда «Қарттарым аман-сау жүрші» атты кеш өтті.
Бұл кештің негізгі мақсаты:бабаларымыздан бойымызға дарыған құнды қасиеттерді қадірлеу, ақыл-өсиетінен өнеге, тағылым алу.
Әрбір жанұяның қуанышы, нұры, ырысы –аталарымыз -әжелеріміз. Балаларының « шаңырағының тірегі, жүрегі» деген тіркестер де ата-әжелерімізге жарасымды-ақ. Бұл мерекеге қонақ ретінде гимназия кітапханасында ұзақ жылар еңбек еткен ардақты зейнеткер Ғ. Садырова, Қазақ тан Республикасына еңбек сіңірген өнер қайраткері Есетова Г, гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ардагер ұстаздары
Р. Мырзахметова, З.Қожаниязова шақырылды.
Кеш барысында қонақтарымызға қалалық, халықаралық байқауларының жеңімпазы «Тұмарханым» бишілер тобының өнерін тамашалады. Бишілер тобы «Ерке сылқым», «Жұмақ құстары» билерімен көрермендерін тәнті етсе, қалалық , республикалық байқаулардың жеңімпазыдары көрке.
Қарттарым, сіздерге Алла саулық берсін!
Денсаулық ауызбірлік бола берсін,
Тап-таза абыройлы болғаныңды,
Қазіргі ел билеген жастар көрсін,-дей келе ақылдың кені болған, казыналы қарттарымыз өскелең ұрпағымыздың сый құрмтіне бөлене берсін!
Кеш соңында құрметті қонақтарымызға естелік сыйлықтар тапсырылды. Қарттар күні мерекесіне арналған кешіміз тартымды да қызықты өтті. Қарияларымыз оқушыларымызға батасын беріп, гимназия әкімшілігіне шын жүректен ризашылығын білдірді.
Б.Атыханұлы атындағы
№36 гимназияның аға тәлімгері
Қамбарова Ж