Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 248-41-92
Оқу бөлімі:
+7(727) 248-36-61
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналар мен балаларға арналған жадынама ТАУ ӨЗЕНІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК
22
шілде
2025

Ата-аналар мен балаларға арналған жадынама ТАУ ӨЗЕНІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК


Ата-аналар мен балаларға арналған жадынама
 
 

ТАУ ӨЗЕНІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН КЕҢЕСТЕР:

  1. Балаларды су жанында мүлдем қараусыз қалдырмаңыз, тіпті бір сәтке де.
  2. Балаңызға түсіндіріңіз: тау өзені - ойын ойнайтын жер емес. Судың беті тыныш көрінгенімен, бұл оның қауіпсіз екендігін білдірмейді.
  3. Тау өзендерінде шомылуға қатаң тыйым салынады! Тіпті таяз ағынның өзі қауіпті болуы мүмкін.


  1. Баланың аяқ киімі сырғымайтын және толық жабық болуы тиіс.
  2. Жаңбырдан кейін өзен жағасына жақындауға жол бермеңіз - жағалау опырылып кетуі мүмкін.
  3. Балаңызбен бірге өзеннен жаяу өтпеңіз - ағынның күші ересек адамды да, баланы да алып кетуі мүмкін.
  4. Ауа райын бақылап отырыңыз: тауда жауған жаңбыр кенеттен су тасқынына алып келуі ықтимал.
  5. Жаныңызда әрдайым алғашқы медициналық көмек қобдишасы мен қуаты толық байланыс құралы (телефон) болсын - төтенше жағдайларға дайын болыңыз.
  6. Балаңызға өзіңіз үлгі болыңыз - қауіпсіздік ережелерін алдымен өзіңіз сақтаңыз.

ЕГЕР БАЛА ТАУ ӨЗЕНІНЕ ҚҰЛАП КЕТСЕ - НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

1. Сабыр сақтаңыз

  • Алдымен өз-өзіңізді қолға алыңыз.
  • Үрейге бой алдырмаңыз - бұл дұрыс шешім қабылдауға кедергі келтіреді.
  •  Жағдайды бағалап, тез және нақты әрекет етіңіз.

2. Суға ойланбай секірмеңіз

  •  Тау өзендерінде қатты ағыс, мұздай су және қауіпті тастар болады.
  •  Дайындықсыз адам баланы құтқармақ түгілі, өз өміріне қауіп төндіреді.
  •  Тек өз күшіңізге және жағдайға сенімді болсаңыз ғана әрекет етіңіз.

3. Дереу көмек шақырыңыз

  •  Дауыстап айқайлап, айналаңыздағы адамдардан көмек сұраңыз.
  •  Біреуден жедел қызметке қоңырау шалуды өтініңіз: 

112 - Бірыңғай құтқару қызметі.

4. Баланы көзден таса қылмаңыз

  • Бала қай жаққа ағып бара жатқанын бақылап отырыңыз.
  • Оқиға орнын және бағытты есте сақтаңыз - бұл құтқарушылар үшін өте маңызды.

5. Қолда бар заттармен көмектесіңіз

  • Баланы су бетінде ұстауға көмектесетін кез келген затты лақтырыңыз: құтқару шеңбері, арқан, жилет, ұзын таяқ, киім, бос бөтелке, доп.

6. Баланы судан шығарғаннан кейін

  • Су киімдерін шешіп, жылы және құрғақ нәрсемен ораңыз.
  • Егер бала қалтырап, бозарып, әлсіреп тұрса - біртіндеп жылытыңыз.
  • Егер бала ес-түссіз болса – тыныс алуын және жүрек соғысын тексеріңіз.
  • Егер тыныс алмаса - жасанды тыныс пен жүрек массажын жасаңыз (СӨЖ).
  • Тіпті сырттай бәрі дұрыс көрінсе де, міндетті түрде жедел жәрдем шақырыңыз.

7. Оқиғадан кейін міндетті түрде дәрігерге қаратыңыз

  • Тіпті бала өз-өзін жақсы сезінсе де:
  • ішкі жарақат алуы,
  • тоңып қалуы,
  • немесе кешіктірілген тұншығу (бірнеше сағаттан кейін су өкпеде қалып қоюы) болуы мүмкін
  • Сондықтан тексеруден өту — міндетті.


Есте сақтаңыз:

Қаһарман болуға тырыспаңыз - саналы түрде әрекет етіңіз.

Сіздің қауіпсіздігіңіз - балаңызды құтқарудың кепілі.


БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ:

  1. Үлкендерсіз өзенге жақындауға болмайды.
  2. Су маңындағы тастардың үстіне секіруге болмайды - тайып, құлап кетуің мүмкін.
  3. Су бетіне тас, таяқ немесе басқа да заттарды лақтыруға болмайды - бұл қауіпті.
  4. Өзен жағасында ойнауға болмайды - жаға шайылып, опырылып кетуі мүмкін.
  5. Егер қандай да бір зат суға түсіп кетсе, оны өз бетіңмен алуға әрекеттенбей, міндетті түрде ересек адамға хабарла.
  6. Судың жанында жүгірме, айқайлама. Өзен - бұл табиғи нысан, ойын алаңы емес екенін ұмытпа.

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ:

Тау өзені - әсем, алайда өте ҚАУІПТІ табиғи орта.
 Қауіпсіздік ережелерін сақтау - 
өмір мен денсаулықты қорғаудың негізгі кепілі!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: