Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 248-41-92
Оқу бөлімі:
+7(727) 248-36-61
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Қазақ тілі – ұлттың ұлы қазынасы» тақырыбындағы Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығы аясында , ақын, аудармашы Саят Қамшыгермен “Жырмен өрілген ғұмыр” тақырыбында кездесу өтті.
12
ақпан
2026

«Қазақ тілі – ұлттың ұлы қазынасы» тақырыбындағы Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығы аясында , ақын, аудармашы Саят Қамшыгермен “Жырмен өрілген ғұмыр” тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу барысында Саят Қамшыгер өзінің шығармашылық жолы, алғашқы өлеңдері және аударма саласындағы ізденістері туралы сыр шертті.  Кештің басты мақсаты - қазіргі қазақ поэзиясының биігін көрсету және жастардың әдебиетке деген құштарлығын ояту болды.Ақын өзінің «жырмен өрілген» өміріндегі елеулі кезеңдерге тоқталып, жүрекжарды туындыларын мәнерлеп оқып берді. Оның өлеңдеріндегі отансүйгіштік, махаббат және адами құндылықтар тақырыбы тыңдармандарды ерекше толқытты. Сонымен қатар, ақын әлем әдебиетінің жауһарларын қазақ тіліне сөйлетудегі қиындықтар мен қызықтар туралы айтып, аударма процесінің нәзік тұстарымен бөлісті.Әдебиет пен кино – өмір шындығын әр қырынан көрсететін қос өнер  десек. Кездесудің маңызды кезеңі, Саят Қамшыгердің «Тастамашы, Ана» аудармасы негізінде түсірілген фильмінде тағдыр, мейірім және адамгершілік тақырыптарын тереңнен қозғайды. Туынды бойынша оқушыларға қысқаша трейлері ұсынылды. Оқушылар ақынға көкейде жүрген  Оқушылар ақынға көкейде жүрген сауалдарын қойып, әдебиеттің бүгінгі жай-күйі мен болашағы туралы пікір алмасты. Кездесу соңында жиналған қауым ақынның қолтаңбасын алып, естелік суретке түсті. Рухани кеш қатысушыларға ерекше шабыт сыйлап, қазақ сөз өнерінің құдіретін тағы бір мәрте паш етті. Кеш тартымды да қызықты өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: