Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Баспасөз бетіне жарияланған мақала

Автор: admin от 30-10-2018, 03:17, посмотрело: 16

Ұстаздар мерекесі мен Қарттар күніне орай өткізілген іс шаралардың қорытындысы ретінде Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Исахметова Э.Ж. және 8 сынып оқушысы Кажиекберова Инабаттың баспасөз бетіне жарияланған мақаласы. т  
Баспасөз бетіне жарияланған мақала
Баспасөз бетіне жарияланған мақала

Категория: Школьникам, Традиция школы

 

Республикалық "Қамқор" акциясы

Автор: admin от 18-09-2018, 18:44, посмотрело: 20

Елбасының "Мектепке жол" бағдарламасын жүзеге асыру барысында жалпы Республикалық "Қамқор" акциясы  "Менің таңдауым-балаларға көмек" атты үндеуімен жүргізілді.
Республикалық "Қамқор" акциясы
Республикалық "Қамқор" акциясы

Категория: Традиция школы, Родителям

 

9-МАМЫР - ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ

Автор: admin от 8-05-2018, 01:38, посмотрело: 93

Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б.Атыханұлы атындағы № 36-гимназияда гимназия əкімшілігінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерекесіне арналған жиын Директор А.М.Ақсерікованың кіріспе сөзімен басталды. Соғыста ерлікпен мерт болған батырларымыздың ескерткішіне гүл қою рəсімі өтті. 5ə сынып оқушылары Соғыс ардагерлеріне арнаған өлеңдерін оқыды. Тарих пəнінің мұғалімі Г. Абекешова "Ер есімі-ел есінде", сұрапыл соғыстағы ерлігі дастан болған батырларымыз туралы баяндама жасады. Б.Атыханұлы атындағы 36-гимназияның түлектеріне арналған ескерткішке гүл қою рəсімі Алғашқы əскери дайындық пəнінің мұғалімі Н.Манаспаевқа тапсырылды. Қазақстан Республикасының туы шығарылып, саппен гүл қою рəсімі орындалды
9-МАМЫР - ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ
9-МАМЫР - ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ
9-МАМЫР - ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ
9-МАМЫР - ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ

Категория: О школе, фотогалерея, Традиция школы

 

1 - МАМЫР ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫ ДОСТЫҒЫ КҮНІ!

Автор: admin от 28-04-2018, 01:01, посмотрело: 126

Қазақстан –достықтың киелі мекені

  Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтты. Бұлар – бүкіл қазақстандық мәдениетті таныту, халық бірлігін ортақ рухани- моральдық құндылықтар негізінде нығайту, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, мемлекеттік тілді және үштілдік білім беруді одан әрі дамыту, -деп көрсетілген еді.

«Бірлік болмай, тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел, мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Жыл сайын елімізде 1 Мамыр Қазақстан халықтарының бірлік күні мерекесін ерекше атап өту дәстүрге айналған. Берекені көздеген ел-мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Қазақстан аумағында ынтымақ мен бірлікті ту етіп, 150 аса өзге ұлт пен ұлыс диаспоралары тату-тәтті өмір сүріп, еліміздің өркендеуіне, көркеюіне бір адамдай үлесін қосып жатқандығын тойлайды. «Береке бастауы -бірлік, ел іші тату -тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны бөлек.

 Алмалы ауданының Бөлтірік Атыханұлы атындағы №36 гимназия шаңырағында 5-7 сыныптар арасында «Қазхақстан –достықтың киелі мекені » атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара барысында оқушыларымыз еліміздің бір шаңырақ астында ынтымығы жарасқан ұлттар мен ұлыстардың салт-дәстүрлері мен тарихы туралы айтып, өнерін тамашалады. Өскелең ұрпағымызды ұлтжандылыққа тәрбиелеу барысында осындай мерекелердің берері мол.

 Тамаша мереке барысында қала халқы еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді. Бүгінде «Достық» аттыбір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамдадәстүр менсалтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, татулығымыз артып, бейбіт өмірде күн кешейік, ағайын! 

Директордың тәрбие ісі өніндегі орынбасары: Исахметова Э.Ж

1 - МАМЫР ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫ ДОСТЫҒЫ КҮНІ!
1 - МАМЫР ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫ ДОСТЫҒЫ КҮНІ!
1 - МАМЫР ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫ ДОСТЫҒЫ КҮНІ!
1 - МАМЫР ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫ ДОСТЫҒЫ КҮНІ!
1 - МАМЫР ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫ ДОСТЫҒЫ КҮНІ!
1 - МАМЫР ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫ ДОСТЫҒЫ КҮНІ!
1 - МАМЫР ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫ ДОСТЫҒЫ КҮНІ!
1 - МАМЫР ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫ ДОСТЫҒЫ КҮНІ!
1 - МАМЫР ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫ ДОСТЫҒЫ КҮНІ!


Категория: О школе, Традиция школы

 

СПОРТТЫҚ АЛМАТЫ

Автор: admin от 24-02-2018, 17:08, посмотрело: 216

Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияда 24 ақпан күні "Спорттық Алматы" бағдарламасы бойынша 5-8 сынып оқушылары арасында асық ату, арқан тарту, мини-футбол, баскетболдан  жарыс өтті. Қалалық деңгейде ұйымдастырылған жарысқа гимназия оқушылары жоғары белсенділікпен атсалысты. Жеңімпаз оқушылар мен сыныптар мақтау қағаздары мен медальмен марапатталды.
СПОРТТЫҚ АЛМАТЫ
СПОРТТЫҚ АЛМАТЫ
СПОРТТЫҚ АЛМАТЫ
СПОРТТЫҚ АЛМАТЫ
СПОРТТЫҚ АЛМАТЫ
СПОРТТЫҚ АЛМАТЫ
СПОРТТЫҚ АЛМАТЫ
СПОРТТЫҚ АЛМАТЫ
СПОРТТЫҚ АЛМАТЫ
СПОРТТЫҚ АЛМАТЫ
СПОРТТЫҚ АЛМАТЫ
СПОРТТЫҚ АЛМАТЫ
СПОРТТЫҚ АЛМАТЫ

Категория: Традиция школы

 

ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР

Автор: admin от 23-02-2018, 16:01, посмотрело: 168

Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияда 23 - ақпан күні қала көлемінде семинар өтті. Семинар барысында деңгейлік курс бітірген тәжірибелі мұғалімдер ашық сабақтар мен мастер класс көрсетті. Атап өтер болсақ, бастауыш сынып мұғалімі Тантаева Қарлығаш 2 "ә" сынып оқушыларымен қазақ тілі пәнінен "Жалқы есім және жалпы есім" тақырыбында ашық сабақ жүргізді. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Темірбекова Дина 9 сынып оқушыларымен ағылшын тілі пәнінен "Choosing schools" тақырыбында сыныптан тыс жұмыс өткізді. Қазақ тілі пәні мұғалімі Иманбаева Майгүл 5 сынып оқушыларымен Б.Соқпақбаев "Менің атым - Қожа" тақырыбында мастер класс жүргізді. 

ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР
ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР
ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР
ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР
ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР
ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР
ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР
ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР
ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР

Категория: Традиция школы

 

РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ӘЛІППЕСІ

Автор: admin от 12-02-2018, 11:02, посмотрело: 187

Мектеп — білім ошағы, тәрбие ортасы, тағылым табалдырығы. Осы ұлағатты ұяда жоғары ізгілік мұраттарының ең құндысы рухани-адамгершілік тәрбие берудің ошағы «Өзін-өзі тану» пәні десек қателеспейміз. Ал өзіңді алға қарай жетілдіру және бойыңда жақсы мінез-құлық қалыптастыруда ең алдымен өз-өзіңнен басталатыны хақ. Өйткені, өзіңнің кім екеніңді, қандай екеніңді білмесең, жетілдіру тәрбиесінің қай бағытта жүретінін және қандай мінез-құлықын дамыту қажеттігін білу қиын. Еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен білім беру үрдісіне енгізілген рухани-адамгершілік тәрбиеге күш берген «Өзін-өзі тану» бағдарламасы осы рухани-адамгершілік тәрбиеден бастау алып, жан-жақты жетілген тұлғаны дамытуды қолдайды.

Осы орайда бағдарлама авторы, еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызының туған күніне орай Алматы қаласы, Алмалы ауданы Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназияның барлық сыныптарында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша ашық сабақтар өткізілді. Сабақ барысында Сара Алпысқызының балаларға жасап жатқан ұшан-теңіз еңбектерін айта отырып, рухани – адамгершілік тәрбие беруде «Өзін-өзі тану» сабағаның маңыздылығы айтылды.
РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ӘЛІППЕСІ
РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ӘЛІППЕСІ
РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ӘЛІППЕСІ
РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ӘЛІППЕСІ
РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ӘЛІППЕСІ
РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ӘЛІППЕСІ
РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ӘЛІППЕСІ
РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ӘЛІППЕСІ
РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ӘЛІППЕСІ
РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ӘЛІППЕСІ
РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ӘЛІППЕСІ
РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ӘЛІППЕСІ
РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ӘЛІППЕСІ


Категория: Традиция школы

 

«Желтоқсан желі ызғарлы»

Автор: admin от 14-12-2017, 10:11, посмотрело: 137

Бүгін, гимназиямызда 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай тарих-география пәні мұғалімі Маймышева Әселдің ұйымдастыруымен сыныптан іс-шара өтті. Деңгейлік курс бітірген мұғалімдердің онкүндігі аясында және мерекеге арналған бұл іс-шараның мақсаты - оқушыларды Отанды құрметтеуге, ел байлығын қорғауға тәрбиелеу отырып, болашақ Қазақстанымыздың өркендеуіне білімді, адал ұрпақ керек екендігін ұғындыру. Тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін зерделеу. Ғылыми шығармашылық қабілеттерін арттыру. Іс-шара барысында желтоқсан оқиғасының куәгері, қазіргі таңда гимназиямызда бастауыш сынып мұғалімі Нүсіпбаева Майгүл апай желтоқсан оқиғасы туралы өз естеліктерімен бөлісті.

«Желтоқсан желі ызғарлы»
«Желтоқсан желі ызғарлы»
«Желтоқсан желі ызғарлы»
«Желтоқсан желі ызғарлы»
«Желтоқсан желі ызғарлы»

Категория: Традиция школы

 

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Автор: admin от 28-11-2017, 03:29, посмотрело: 271

    Бүгін, Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияда 1-желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған "Рухани жаңғыру-болашақтың бастауы" атты аудандық директорлардың қатысуымен семинар-мәжіліс өтті. Семинар аясында қазақ тілі пәні мұғалімі Иманбаева Майгүл рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру мақсатында "Рухани жаңғырудың жарқын жолы" атты сыныптан тыс жұмыс өткізді. 
   "Біз өзіміздің ұлттық ерекшелігімізді сақтай отырып, ескере отырып әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Бірнеше тілді білген адам, ештеңеден ұтылмайды." - деген ұранды желеу еткен гимназиямыздың мақтаныштары, халықаралық, республикалық, қалалық байқаулардың жеңімпаздары қазақ, орыс, ағылшын, қытай тілдерінде өлең оқыды. Сондай-ақ, бірқатар атаулы байқаулардың жүлдегері "Тұмарханым" би ансамблі өз өнерлерін көрсетті.
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Категория: Традиция школы

 

Гимназия мақтаныштары

Автор: admin от 6-11-2017, 10:09, посмотрело: 215

XVI Республикалық "Ақ көгершін" балалар шығармашылығы фестиваль -байқауына қатысып  ГРАН-ПРИ иемденген бүлдіршіндеріміз
Гимназия мақтаныштары
Гимназия мақтаныштары
Гимназия мақтаныштары

Категория: Школьникам, фотогалерея, Традиция школы

 
Назад Вперед