» Материалы за 12.02.2018

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ӘЛІППЕСІ

Автор: admin от 12-02-2018, 11:02, посмотрело: 167

Мектеп — білім ошағы, тәрбие ортасы, тағылым табалдырығы. Осы ұлағатты ұяда жоғары ізгілік мұраттарының ең құндысы рухани-адамгершілік тәрбие берудің ошағы «Өзін-өзі тану» пәні десек қателеспейміз. Ал өзіңді алға қарай жетілдіру және бойыңда жақсы мінез-құлық қалыптастыруда ең алдымен өз-өзіңнен басталатыны хақ. Өйткені, өзіңнің кім екеніңді, қандай екеніңді білмесең, жетілдіру тәрбиесінің қай бағытта жүретінін және қандай мінез-құлықын дамыту қажеттігін білу қиын. Еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен білім беру үрдісіне енгізілген рухани-адамгершілік тәрбиеге күш берген «Өзін-өзі тану» бағдарламасы осы рухани-адамгершілік тәрбиеден бастау алып, жан-жақты жетілген тұлғаны дамытуды қолдайды.

Осы орайда бағдарлама авторы, еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызының туған күніне орай Алматы қаласы, Алмалы ауданы Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназияның барлық сыныптарында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша ашық сабақтар өткізілді. Сабақ барысында Сара Алпысқызының балаларға жасап жатқан ұшан-теңіз еңбектерін айта отырып, рухани – адамгершілік тәрбие беруде «Өзін-өзі тану» сабағаның маңыздылығы айтылды.
РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ӘЛІППЕСІ
РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ӘЛІППЕСІ
РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ӘЛІППЕСІ
РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ӘЛІППЕСІ
РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ӘЛІППЕСІ
РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ӘЛІППЕСІ
РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ӘЛІППЕСІ
РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ӘЛІППЕСІ
РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ӘЛІППЕСІ
РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ӘЛІППЕСІ
РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ӘЛІППЕСІ
РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ӘЛІППЕСІ
РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ӘЛІППЕСІ


Категория: Традиция школы